07
февраль
2017
НҮКТЕЛІ МАССАЖДЫҢ АДАМ АҒЗАСЫНА ӘСЕРІ
НҮКТЕЛІ МАССАЖДЫҢ АДАМ АҒЗАСЫНА ӘСЕРі
Дүние жүзіңдегі денсаулық сақтау саласы елдің даму және нығайю тарихын көрсетеді. Бүгінгі күні елдің денсаулығы қиын жағдайда, сондықтан да кең түрде сауықтыру бағдарламасы керек. Соның бірі – массаж.
Массаж сөзі араб тілінен шыққан, арабша «масе» - жақындау, сипалау ұғымын білдіреді. Ол осыдан 4 мың жыл бұрын Египетте пайда болған. Оған айғақ 1841 жылы Египетте массаж тәсілдері табылған. Ең алғашқы массажды қолдануға ұсыныс берген гректің атақты дәрігері Геродикос. Ал оның оқушысы Гиппократ ауруларға массаждың жұмсарту тәсілін кеңінен қолданады.
Массаж халықтық медицинаның үлкен бір бөлігі. Ол барлық жер шарына кеңінен таралған, сондықтан емдеу әдістерінің ең негізгісі болып табылады. Массаж адам денесіне мөлшермен берілетін механикалық тітіркендіру.
Массаждың денеге әсерін, оның физиологиялық қасиетін атақты ғалымдар И.М. Сеченов, И.П. Павлов, И.Е. Введенский, Н.А. Ухтомский тағы басқа өз еңбектерінде айқын көрсеткен.
Массаждың әсері өте жоғары. Ол жүйке рефлекторы гуморольды және механикалық ықпал жасайды.
Массаж өкпедегі зат алмасуын үдетеді, тыныс алу үшін оның терендігін, жиілігін, өкпенің қимылын, тіпті кеуде қуысының дем алуға дұрыс қатынасуын реттеп, бір жүйеге түсіруге үлкен көмек көрсетеді. Адам денесінде болып отыратын зат алмасулардың бәріне әсер етеді.
Суық кезде массаж денені жылыту үшін де жасалады. Массаждың әсерінінен сіңірдің созылу икемділігі артып, буынның қозғалысы жақсарады, денедегі сұйық заттардың қозғалысын арттырады, шаршаған бұлшық еттің тез қалпына келуіне ықпал жасайды.
НҮКТЕЛІ МАССАЖ НЕМЕСЕ «СУ ДЖОК» ТЕРАПИЯНЫҢ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ
Қаншама ғасырлар бойы адам өзінің бойындағы денсаулықты сауықтыруға арналған кереметтей емдік құралы бар екенін байкамаған. Тек ХХ ғасырдың аяғына қарай бұл жаңалық ашылды. 1986 жылы Сеул профессоры Пак Чжи Ву адам денесінің қол басы мен аяқ табанының бір- бірімен тура сәйкес келетінін тапты. Бұл ғажайып ашуды «Су Джок» терапия немесе нүктелі массаж деп атады.
Кейбір жаңалықтардың ашылуы да тез, жабылуы да тез. Ал бұл жаңалықтың болашағы бар және ол одан әрі дамып, көркейеді. Әрбір адам, жас баладан, егде кісіге дейін, осы әдіс арқылы өзін-өзі емдей алады.
Су Джок терапияның екі жағы бар: физикалық және метафизикалық түрі әлі де батыс медицинаға белгісіз.
Аспан, адам және жер, олар қоршаған ортаның басты бөліктері болып табылады. Аспан үстінде, жер астында болса, ал адам екеуінің ортасында. Осы бөліктегідей адам денесін де үш бөлікке бөліп қарауға болады: бас, мойын, кеуде. Қол мен аяқ та осындай үш бөліктен тұрады. Адам басы аспанға сәйкес келеді. Аспан метафизикалық құбылыс. Адам басында ми орналасқан, ал бұл мидің өзіндік метафизикалық қасиеттері бар.Кеудедегі қол, адам денесінің орналасуына ұқысайды. Ал адамның аяғы, жерге сәйкес келеді. Бұл системаның маңызы зор. Ол тек қана ішкі ағзадағы бұзылыстарды білуге ғана емес, сондай-ақ оныемдеуге мүмкіншілік береді.
Адамның қол басы мен аяқ табан бұлшық етпен байланысты болады. Сондықтан да, Пак Чжи Вудың айтуы бойынша, адамға қозғалыс қажет.
ӘР ТҮРЛІ АУРУЛАРДЫ ЕМДЕУ НҮКТЕЛЕРІН ТАБУ
Нүктелі массажды әр түрлі ауруларға тән нүктелеріне зер салайлық. Мұны әркім өзіне қолдануына болады. Бас ауырғанда, бетке, аяққа, қолдануына болады.
Тұмау тигенденемесе мұрын бітеліп қалғанда мұрын желбезгінің екі жағындағы нүктелері, арасындағы нүктені табу керек. Ұйқы бұзылғанда адамның берекесі қашып, еш нәрсеге қабілеті болмай жылдам шаршайды. Мұндай кезде аяқтың басына, тізеге, қолдың басына және жауырығына жасаса, біршама жеңділік болады. Бронхы қабынғандажөтел, кейде ыстығы көтеріліп мазасы кеткенде, желке мен мойындағы, жауырынның іш жағындағы екі нүктеге және аяқ-қолдағы арнаулы нүктеге массаж жасау пайдалы.
Гипертония ауруындааяқтағы бұлшық етке және тізенің астыңғы жағына, басатың төбесіне, саусақтың бас бармағы мен сұқ саусағына жасау керек.
Артериялық гипотониядаадам ұйқылы ояу, меңзең болып, істеген жұмыс өнбей жүргенде нүктелі массажды колданғанда адам сергіп калады. Ол кезде адамның бетіне,басына және қолына, алақанына массаж керек. Баспа көмекей не бадамша бездерінің кабынуы кезінде күнделікті немесе күнара 2-3 аптадай арнаулы нүктелерге массаж жасауға болады. Қолың бүгілетін жеріне және арқаның оң жақтағы жауырынына, бас бармаққа жасаған жөн. Бет жүйке талшыктары қабынғанда беттің ауырған жағына жөн.
Бет жүйке талшыктары қабынғандабеттің ауырған жағына қоздырушы әдісін, ал сау жағына тежейтін әдісін қолданған дұрыс.
Мысалы, адам жүргенде, жүгіргенде, колмен жұмыс істегенде нүктелер өздігінен пайда болады және адам денесін түрлі зақымданудан сақтауға көмектеседі.
Емдеу кезінде нүктелерде электромагниттік толқулар пайда болады да, олар зақымданған ауданға келіп, емдеу әсері беріледі. Адамның денесінде 695 нүкте бар, ал оның 140-150 ғана қолданыста.
Нүктелі массаж дененің шағын ғана бөлігіне жасалады. Ол дененің биологиялық белсенді нүктелеріне әсер етеді, дәлірек айтсақ, жүйке жүйесінің терідегі ұштарына. Оны көбінесе сұқ саусақпен басады, егер де нүкте тереңде орналасқан жағдайда ұштарының диаметірі 5-6мм келетін ағаш, темір немесе піл сүйегінен жасалған инелер арқылы, лазер саулесі немесе қан шығаруы арқылы жасауға болады.
Массажды жасағанда теріні қатпарландырмай, тартып, созвп тұрып жасайды. Биологиялық белсенді нүктелерді тауып нүктелі массаж жасағанда, адам жақсы сезіну керек.
Көптеген зерттеулердің нәтижесінен нүктелі массаждың әсерінен ағзада айтарлықтай өзгерістер болатыны байқалады. Массаж жасаған кезде нүктеде терінің температурасы көтеріліп, электр өткізгіштік қабілеті жоғарылайды. Оны жылжымалы тобископ деген құрал арқылы оңай анықтауға болады. ННүктелі массажды тағы медицина тілінде акупунктура немесе окупрессура деп те атайды. Нүктелі инемен емдеу әдісіне ұқсайды, жүйке ұштарын тітіркендіреді. Оның қасиеті нүктенің орналасқан жеріне, күшіне және ұзақтығына тікелей байланысты.
Нүктелі массаж әр түрлі ауруларды емдеуге, спортта тірек қимыл – буын зақымданған кезде немесе классикалық массаждың алдында денені босаңсытуға, биологиялық белсенді нүктелердің тиімділігін арттырып, басқа бір нүктелеріндің жұмысын тежеу тәсілімен қолданады.
Нүктелі массажда иықтан басу, жұмсарту және дірілдету тәсілдері қолданады. Оның екі түрі бар қыздыру жәнетежеу.
Тежейтін нүктелі массаж- бұлшықеттердің түйінін жазуға, босаңсытуға және ауырған жерді басуға арналған. Ол үшін үнемі 1-1,5 минут арнайы нүктеге әсер етуүшін жасау керек. Сұқ саусақтың жұмсақ басымен бұранданы бұрағандай айналдырып, адамның өзіне сезілгенше айналдыра береді. Біраз осы қалыпта үзіліс жасап, ұстап тұрып қайтадан жоғары көтеріледі.
Қоздыратын нүктелі массажсалбырап қалған бұлшық етті қатайту үшін, қимыл-қозғалысты арттыру үшін қолданады. Мұндағы қозғалыс жылдам, шапшаң, ширақ болады. Әр нүктеге 20-30 секунд аялдап, дірілдетіп, сол нүктені ысқылап қыздырады. Осындай қимылдан соң жұлып алады. Нүктелі массаждың түрлерін ауруға, адамның сезімталдығына байланысты 3-4 рет қайталанады.
НҮКТЕЛІ МАССАЖДЫҢ ЖАСАУ ТӘСІЛДЕРІ
Нүктелі массаж рефлекторлы массаждың бір саласы екенін түсіндік. Оның негізгі сыртқы ортамен денедегі жүйке ұштарымен ішкі ағзаларға рефлекторлы байланысты. Қажет деген нүктені табу оңай, нүктені басқан кезде, тітіркеніп, қарсы әсер пайда болады. Мәселен, ине сұғып алғанда, тікен кіріп, кеткенде дене дір ете қалады да, қолды жұлып алады. Мұндай да сезімталдық реакция пайда болады. Сол нүктенің шамадан тыс сезімталдығына сүйене отырып, қандай мүшенің кінәраттанғаны анықталады.
Нүктелі массаждың қолдану тәсілдері сипау, ысқылау, басу, дірілдету, қысып ұстау.
Сипау бас бармақтың ұшымен де іш жағымен қырымен де ортаңғы саусақтың ұшымен жасалады. Көбінесе бас терісіне, бетке, мойынға, қолға осындай нүктелі массаж тәсілдері қолданылады.
Ысқылауда бармақ пен ортаңғы саусақтың жұмсақ ұшымен орындалады. Оны алақанның білезік тірегіне қырымен ысқылап, белден жоғары мойынға дейін жеткізеді. Ысқылау сағат тілі бойымен солдан оңға қарай үйкей орындалады. Ысқылалды басқа нүктелі массаж тәсілдерін кейін жеке орындайды.
Жұмсарту ( басу) екі қолдың бас бармақтарымен не екі саусақпен қатар жатқан нүктелерді басу арқылы жасалады. Бұл тәсілде бір орында саусақты батыра ұстап тұрып шыр айналдырады. Бастапқы кезде жеңіл, кейін түсіретін салмақты арттырып, сол нүкте сыздағанша басады, осыдан кейін сәл босаңсытып, қайтадан жеңілдетеді.
Классикалық массаждағы сияқты мұнда да жұмсарту тәсілінің алар орны ерекше. Ол ең күрделі және биологиялық белсенді нүктенің орналасқан жеріне мейілінше әсер етеді.
Қысып ұстау( шымшу) үш саусақтың арасында қысып ұстау арқылы орындалады (бас бармақ, сұқ, ортаңғы саусақтың ұштарымен). Биологиялық белсенді нүктенің орналасқан жерін қысып ұстап, езгілейді. Мұнда орындалатын қимыл өте жылдам, әр жерден бір үзіліспен 3-4 рет қайталана орындалады. Массаж әсер еткен жер жансызданып, сыздап кетеді. Ине шанышқандай қимылды сұқ саусақтың ұшымен орындайды. Ол қалың еттерді жылдам қадап алғандай, тесіп жіберетіндей сезілуі керек.
Дірілдетубас бармақ немесе ортаңғы саусақпен орындалады. Саусақтың ұштарын бір нүктеге қадап қойып, жылдам күшпен, дірілдете шайқайды. Оның салмағын арттыру үшін екінші қолды саусақтың үстіне қойып қозғалтады.
Адамды тыныштандырып, көңілін орнына түсіру үшін теріні жиырмай, бір нүктеге саусақтың ұшын басып, біртіндеп үдететін күшпен айналдырады, сәл үзіліс жасап қайталайды Мұндай тежеу әдісін әр түрлі буын ауруларында, бұлшық ет сіресіп түйіліп калғанда, қатты ауырғанда, кішкене сәбилерге колданады. Бір нүктеге 1,5 минутка дейін әсер етуге болады.
Адам еңсесін көтеріп, сергіту үшін қоздыру әдісін жылдам әрі қысқа жүргізеді (20-30 секунд). Оны ертеңгі дене шынықтыру алдында, күнделікті тіршілікте дайындық ретінде қолданады. Бұл екі түрлі дірілдету әдісін тек шартты түрде айырады. Массаждардың әсері қолдың түсірген күшіне саусактардың қойылуына және қысым қимылына тікелей байланысты. Әрі адамның сезімталдығына да үлкен әсер етеді. Артық, әлсіз адамдардың сезімталдығы жоғары болады, сондықтан оларға үстіртін массажды да шапка, омырауға, қолтық астына және қан тамырлары шоғырланған жерге қолдануға болмайды.
Массаж жасар алдында алақанды бір- біріне ысқылап, қыздырып алған жөн. Сонда қан айналысы жаксарып, қол жылынады. Ұйқы бұзылғанда, белшойырылғанда нүктелі массажды жатарда жасаған жөн. Аурудың жедел түріне массажды күнде, ал созылмалы түріне күнара, кейде екі күнде бір қабылдайды. Жалпы емдеу курсы 10-15 күнге созылады. Арасына 1-2 ай үзіліс жасап, тағы 5-10 күн қабылдауға болады. Аурудың әр түрлі белгілері байкалмай, тәуір болса да басталған массажды 3-5 ғана массаж жасалады. Күн өткен сайын басқа нүктелерге әсер етіп, орнын ауыстырып отырады. Тек сонда ғана нүктелі массаждың ықпалы артады. Әйтпесе адам белгілі нүктелерге жылдам үйреніп кетеді де, пайдасы болмай қалады. Әрбір адамға нүктелі массаждың кең тараған түрін жеңіл пайдалану үшін бағыт қажет және тек нүктелі массаждың емдік жүйесін түсініп қана қоймай, сонымен қатар денедегі зақымданған жерінің нүктесін сәйкес келуін білу маңызды. Сәйкестендіру іздегенде нақты білімнің қажеті жоқ. Егер де бұл сәйкестендіру табылғанда, келесі маңызды кезеңдердің бірі – закымданған нүктелердің сәйкестігін дұрс табу.
Диагностикалық таяқшамен немесе саусақпен басқан кезде тең күшпен басу керек. Қатты басса, көптеген сезімтал нүктелерді табуға қиын болады. Сондықтан керек нүктелерге тең күшпен әсер етсең, тапқан нүктелердің денедегі закымданған жермен сәйкес келетініне көзіміз жетеді. Дұрыс таппаған жағдай да, сол нүктеге стимуляция береміз. Нүктені дұрыс тапқанына көзіңіз жету оңай. Ол үшін дәл тапқан нүктеге, сынақ өткізіп жіберуіңіз қажет. Дәрігер сапалы стимуляцияға кәсіби аспаптар ұсынады. Олар: диогностикалық таяқша, маска, лазер. Диогностикалық таяқшамен емдік нүктеге басқан кезде сырқат пайда болады. Бұл реация көптеген пациенттерде жүреді, оның себебі бұлшық еттердің жиырылуы болады. Емдік нүктелердің дұрыс табылуы емделудің 90 % жетістігі, ал қалған 10 % стимуляцияның дұрыс табылуында. Массажды аурудың ерекшелігіне лайықтап жасайды. 20 минут жатып демалғаннан гөрі, 5 минут жақсы массаж жасаған әлде қайда тиімді. Массаж әлсіреген денеге әл береді, күш қосады, рақаттандырады.
Қазіргі кезде шығыс және батыс массаж деп екіге бөлінеді. Батыс массажға классикалық және сегминтарлық, ал шығыс массажға нүктелі және жүйелі массаж жатады.