24
октябрь
2024
Малайзия мен Қытай жетекші білім беру мекемелерінде тәжірибе алмасты

Ағымдағы жылдың 2 мен 11 қазан аралығында Алматы қаласы білім басқарамасының ұйытқы болуымен жиырма шақты балабақша меңгерушілері болып іс-сапарға аттандық. Әріптестеріммен бірге екі мемлекеттің үш қаласын аралап, білімімізді жетілдіріп қана қоймай шет мемлекеттің мәдениетіне, тұрмыс-салтына, тарихына үңілдік. Жалпы халықаралық тағылымдамадан өтіп, мол тәжірибе жинап қайттық. Ұлт болашағы-білімді ұрпақтың қолында. Сондықтан балаларға балабақша қабырғасынан жүйелі білім беру қазіргі педагогтардың негізгі міндеті. Педагог-тәрбиешілер үнемі ізденіс үстінде жүреді, меңгерушілер мен тәрбиеші және ата-ана бірлесіп өсіп келе жатқан жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, отансүйгіштікке баулып келеміз. Бұл жолғы сапарымызға өзіміздің біліміміз бен тәжірибемізді одан әрі дамыту, жетілдіру үшін шықтық.
https://bilimainasy.kz/24-10-24-07/