11
июнь
2026
"Заң мен Тәртіп" әр отбасының құндылығы.
"Заң мен Тәртіп" - әр отбасының құндылығы."Заң мен Тәртіп" идеологиясының ілгерілету бойынша өткізілген іс- шаралар туралы ақпарат 2026 жылға арналған" Заң мен Тәртәп" идеологиясынн ілгерілету жқніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, Жетісу ауданы ҚМҚК №170 бөбекжай -балабақшасында педагогтердің құқықтық сауаттылығын арттыру, ата-аналармен өзара іс- қимылды нығайту және балалардың құқықтарын қорғау мақсатында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды.
Атап айтқанда, педагогтер арасында " Заңды білу-заман талабы" тақырыбында құқықтық ақпараттық сағат откізіліп, Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамалары мен педагогтердің құқықтары мен міндеттері түсіндірілді.
Ата-аналарға арналған "Баланың құқығы- басты құндылық" тақырыбында консультациялық бұрыш ұйымдастырылып, бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігі, баланың қауіпсіздігі және құқықтарын қорғау мәселелері бойынша ақпараттық жадынамалар таратылды. Тәрбиеленушілермен "Менің құқығым және міндетім", "Жақсы және жаманды ажыратамыз" тақырыбындатанымдық әңгімелер, дидактикалық ойындар мен тәрбиелік сағаттар өткізілді. Іс - шаралар барысында балаларға тәртіп сақтау, үлкендерді құрметтеу, достық қарым-қатынас және қоғамдық орындағымәдениеттілік туралы түсініктер берілді. Сонымен қатар балабақшада "Заң мен тәртіп" - қауіпсіз қоғам кепілі" тақырыбында ақпараттық стенд безендіріліп, педагогтер мен ата-аналарға арналған құқықтық материалдар орналастырылды. Өткізілген іс-шаралар қатысушылыардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, заңға құрметпен қарауға және тәртіпті сақтаудың маңыздылығын түсіндіруге бағытталды. Алдағы уақытта да осы багыттағы жұмыстар жүйелі турде жалғасын табатын болады.Кездесуге педагог-психолог қатысып, түсіндіру жұмыстарын жүргіздіү Іс-шараға 16 адам қатысты.