01
июнь
2026
1 маусыс Халықаралық балаларды қорғау күніне орай "Бақытты балалық шақ" мерекелік іс-шара.
1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай балабақшада "Бақытты балалық шақ" атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.Іс-шараның негізгі мақсаты- балаларға көтеріңкі көңіл - күй сыйлау, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, достық пен татулыққа тәрбиелеу.Мереке барысында тәрбиеленушілер тақпақтар айтып, ән шырқап, көңілді билер биледі. Сондай-ақ түрлі қимылды ойындар, эстафеталармен қызықты жарыстар ұйымдастырылып, балалар белсенді қатысты. Балалар түрлі-түсті шарлармен безендірілген алаңда шаттанып ойнап, мерекелік көңіл- күйге бөленді.
Іс- шара барысында балалардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғау туралымағлұматтар беріліп, олардың бақытты балалық шағы үшін жасалып жатқан қамқорлықтар айтылды. Мереке соңында бүлдіршіндерге тәтті сыйлықтар табысталып, көтеріңкі көңіл- күймен аяқталды.
"Бақытты балалық шақ" мерекесі балаларға қуаныш сыйлап, олардың бойындағы достық, мейірімділік және ұйымшылдық қасиеттерін нығайтуға ықпал етті. Балалардың жарқын күлкісі мен шат көңілі мерекенің басты жетістігі болды.
Балаларға қуаныш сыйлаған мерекелік іс-шара өз мақсатына жетті.