22
октябрь
2024
«Мектепке дейінгі ұйымның жұмысына Малайзия-Қытай тәжірибесін енгізу»

Сонымен қатар, оларға шығыс жекпе-жегі үйретіледі.Әр таң сайын балалар міндетті түрде дене шынықтырумен айналысады. Қытай балалары сондай-ақ шахматтан, сурет салудан, секіруден бастап, дене мен мидың дамуына бағытталған түрлі ойындарды таңдайды.
Қытай елінде бүлдіршіндер мектепке бармай тұрып-ақ математика мен иероглифтерді оқытуды үйретіп бастайды. Қытайдағы білім жүйесі бойынша балақай бірінші сыныпқа барарға дейін төрт жүзге жуық иероглифтерді жатқа білу керек. Бұдан бөлек оларға табиғат құбылыстары, өсімдіктер мен ағаштардың түрлері туралы да айтылады.
Тәрбешілер бүлдіршіндермен 2 тілде — қытай және ағылшын тілдерінде сөйлеседі. Балалар сабаққа аса ынтазарлықпен қатысады. Өйткені оларға өте қызықты..
Сондай-ақ әр маусымда ата-аналармен бірге банкке, поштаға, фермаға, стоматологияға, тауға шығу, саябаққа барып қыдыру сияқты міндетті іс-шара өтеді. Бұл бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты нығайтады.
Қытайда жер сілкінісі жиі болып тұрады. Сондықтан балабақшаларда міндетті түрде қауіпсіздік сабағы өткізіледі, онда балаларға жер асты дүмпулері басталса, өзін қалай ұстау керектігі айтылады.
Аспан есты елі -- болашақ ұрпағына шынымен қамқорлық жасайтын ел.