«БЕС ТАС» ҰЛТТЫҚ ОЙЫН – ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ » ГККП "Ясли сад №170"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№170 бөбекжай-балабақша»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Меңгеруші:
+7(727) 298-92-48
Әдіскер:
+7(727) 298-96-32
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «БЕС ТАС» ҰЛТТЫҚ ОЙЫН – ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ
10
октябрь
2025

«БЕС ТАС» ҰЛТТЫҚ ОЙЫН – ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ

«Бес тас» ойынының мақсаты:
1.«Адал -азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру  негізінде ұлттық ойындарды жаңғырту, дамыту.
2.Ұлтымыздың барлық ұлттық салт-дәстүрлерін, мәдениетімізді, ұлттық рухымызды жаңғырту.
3.Сөзді зейін қойып тыңдау, түсіну, және оған сәйкес дұрыс әрекет (қимыл, ым мен ишараны қолдану, іс-әрекет жасау)
4.Бес тас ойыны ережелерімен танысу.
5.Ойынды дұрыс ойнау тәсілдерін анықтау.
«Бес тас» ойынының міндеті: 
1. Ойыншылардың бұлшық еттерін ширатып, дамытып қана қоймай, ептілікке, қырағылыққа, тез шешім қабылдауға, санауға, топтауға үйрету.
2. Ойыншылардың көзінің көруін жақсартып, көз жанарын жетілдіру. 
3. Ойын адамды тыныштандырып, сабырлылыққа үйрету.
4. Ойыншылардың икемділігін арттыру, ой – өрісін дамыту, ептілікке тәрбиелеу.
«Бес тас» ойынының шарттары:
  Бестас ойыны 5 адам топ құрап ойнайды. Ойынға 5 домалақ тас немесе асық пайдаланылады.
Ойынның мазмұны:
  Ойнаушылар ең алдымен, кім - кімнен кейін ойнайтынын өздері анықтайды. Ол үшін ойыншылар кезекпен бес тасты тобымен жоғары лақтырып, қолдың сыртымен тосып алады осы тәсілді бес рет қайталайды соңында алақанмен қаршып ұстайды. Қаршып ұстау дегеніміз –тасты қолды еңкейте жоғарыдан төмен қарай қағып алу. Лақтырылған бес тасты қолдың сыртымен тосып алу және қаршып алу кезінде бірнеше тас жерге түсіп кетуі мүмкін. Кім көп тас қаршып алса, сол бірінші ойнау кезегіне ие болады.


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив