№1 педагогикалық кеңестің х а т т а м а с ы » Страница 2 » ГККП "Ясли сад №170"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№170 бөбекжай-балабақша»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Меңгеруші:
+7(727) 298-92-48
Әдіскер:
+7(727) 298-96-32
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » №1 педагогикалық кеңестің х а т т а м а с ы
07
февраль
2017

№1 педагогикалық кеңестің х а т т а м а с ы

Алматы қаласы Жетісу ауданы КМҚК №170 бөбекжай-балабақшасының 26.08.2016 жылғы №1 педагогикалық кеңесінің х а т т а м а с ы
Қатысқандар: балабақша меңгерушісі – Т.О.Сабырова
Әдіскерлер – З.Б.Турлыгазиева
Қ.Е.Сүйіндік
Тәрбиешілер – барлығы
Медбике - Ғ.И.Ибраимова
Өткізілген орны: Музыка залы
Уақыты: 13:30
Тақырыбы: «Жаңа оқу жылына – жаңа дайындық»
Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктері мен жас мүмкіндіктеріне сәйкес білім, білік, дағдыларын, рухани – адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясына негізделген жалпыадамзаттық құндылықтарға, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.Баланың өмірін қорғауды және денсаулығын нығайтуды қамтамасыз ететін заттық- кеңістіктік дамытушы орта құру.
Талқылау сұрақтары:
1. 2016-2017 оқу жылының жылдық жоспарымен, жаңа жылдық міндеттемемен танысу, бекіту және жаңа стандартқа сәйкес өзгерістер мен толықтырулар, үлгілік оқу жоспары туралы толық түсіндіру.
2. Жазғы сауықтыру – шынықтыру шараларының қорытындысы.
3. Жаңа оқу жылына балабақшаның дайындығы (жоспарлау, топтарды безендіру, құжаттар мен пед. Құрал – жабдықтарды түгендеу т.б.)
4. Аттестация комиссиясын құру.
5. Көрме.
6. Шығармашылық портфолио.
7. Педагогикалық кеңестің шешімі.
Тыңдалды:
Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша балабақша меңгерушісі Тлеулес Орынбаевна сөз алып, педагогтарды жаңа оқу жылымен құттықтады.Сондай-ақ педагогтардың сапалық тізімімен таныстырды, яғни 2әдіскер, 2 музыка жетекшісі, жаттықтырушы, психолог, мектепалды даярлық сыныбының оқытушысы және 8 топ тың тәрбиешілері. Әр тәрбиешінің қайсысы қай топта жұмыс атқаратынын айтып өтті.Жаңа оқужылына жаңа қарқынмен кірісулерін қадап айтты.Одан кейін ең үлкен мәселенің бірі – жаңа стандарт туралы, ондағы өзгерістер туралы, жаңа оқу қызметтері қосылғанын ерекше айтып, бұйрықтарымен таныстырды.Келесі сөз кезегі балабақша әдіскері З.Б.Тұрлығазиеваға берілді.
Әдіскер: Тұрлығазиева З.Б. – құрметті Тлеулес Орынбаевна , қадірлі әріптестер, барлықтарыңызды жаңа оқу жылымен құттықтаймын. Биылғы жаңа оқу жылында үлкен өзгеріс болып отыр, Яғни ҚР мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына өзгерістер енгізіліп отыр.ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы №292 қаулысына 1-қосымша, ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген. Осы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және мектеп жасына дейінгі балалардың дайындық деңгейіне, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнына, оқу жүктемесінің ең жоғарғы көлеміне қойылатын талаптарды айқындайды.

Стандарт талаптары:
1.Үлгілік оқу жоспарларын;
2.Баланың қызығушылықтары мен бейімділіктерін іске асыруға бағытталған білім беру бағдарламаларын және қосымша бағдарламаларды әзірлеуге негіз болып табылатын мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламасын;
3.Мектепалды даярлық білім беру бағдарламасын;
Яғни білім беру салалары: «Денсаулық», «Коммуникация», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеумет» екендігіне, ондағы өзгерістерге мән бергізді.Сонымен бірге оқу іс-әрекеті емес оқу қызметі екеніне, жаңа қосылған оқу қызметтері яғни орыс тілі, ағылшын, драма, жаратылыстану, тіл дамыту емес сөйлеуді дамыту, сауат ашу негіздері, валеология емес- қауіпсіз мінез-құлық негіздері, қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру, аппликация, қоршаған ортамен танысу т.б. өзгерістерге аса мән беріп өтті және осылай айтуға дағдылануларын талап етті.Сонымен бірге Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 маусым №391 бұйрығына 1-қосымша; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы №557 бұйрығына 1-қосымша – 1 жастан 6 (7) жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарымен таныстырып өтті.Жаңа оқу жылының ұйымдастырылған оқу қызметінің кестесі осы үлгілік жоспар бойынша жасалып, бекітілгенін ескертті.Оқу қызметінің кестесі, анықтамалар, яғни оқу жүктемесі, күн тәртібі т.б. құжаттар бекітіліп таратылды.Балабақша әдіскері З.Б.Тұрлығазиева жаңа оқу жылының міндеттемелерімен таныстыруды балабақшаның екінші әдіскері Қ.Е.Сүйіндікке тапсырды.
Әдіскер Қ.Е.Сүйіндік – Құрметті Тлеулес Орынбаевна, қадірлі әріптестер, сіздерді жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймын. Биылғы жаңа оқу жылындағы ауқымды өзгерістермен Зоя Бекмолдақызы таныстырып өтті, ендігі кезекте 2016-2017 оқу жылына қойылған жылдық міндеттемемізбен таныстырып өтейін:
1.Көркем шығарманы кейіпкерлендіру (Драматизациялау) барысында балалардың тіл байлығын, байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру.
Мақсаты:
Балалармен: Балалардың білуге құмарлығын, талаптылығын өз бетімен жаңа әсерлерді ізденуін, түрлі әрекеттердегі қабілеттілігін байқау;
Баланың тілдік қатынасын жан-жақты дамытуда халық ауыз әдебиетін қолдану;
Сөздік қорын, дыбыстық мәдениетін, қиялы мен тілдік грамматикалық құрылымын жетілдіру және байланыстырып сөйлеуін дамыту;
Педагогтарға: Тәрбиешілер балалардың тілдік қатынасын дамытуда жан-жақты іздену;
Оқу қызметтерін қызықты ұйымдастыру; ертегілерді кейінкерлендіру; тілдік білімін дамытуда жаңаша әдіс-тәсілдерді қолданып, қабілетті тұлғаны тәрбиелеу жолын қарастыру.
Ата-аналарға: Ата-аналар балаларының балабақша өмірінің тәрбиесіне белсене қатыстыру; отбасы мен балабақша арасында ынтымақтастық орнату.
2.Күннің екінші жартысында мазмұнды –рөлді ойын ойнату арқылы балаларды ұжымдық және шығармашылық іс-әрекетке біріктіру және бағдарлау.
Мақсаты:
Мазмұнды-бейнелі ойын:отбасы,балабақша,мектеп,аурухана,ұшқыштар,мал фермасы,құс фермасы,құрылысшылар,мұнайшылар,темір жол,теңізшілер:
Ойын арқылы балалардың сөздік қоры дамып,ауызша сөйлеу машығын игереді,таным белсенділіктері қалыптаса түсіп,ақыл-ойы өсіп жетіледі,әрі адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіреді.
Сонымен қатар баланың құзыреттіліктерін дамытатындай рөлдік-сюжеттік ойындарға үлкен мән берілуі тиіс.Ойын үстінде бала сұранысы мен тәрбиешінің тапсырмасы өзара ұштасады.
Мысалы:Сюжеттік-рөлдік ойын:»Менің сүйікті кейіпкерім».Баланың сүйікті кейіпкері болатыны,өзінің оған ұқсағысы келетіні белгілі,ол баланың сол кейіпкер рөлін атқаруы оның моральдік танымы мен түсінігіне әсер етеді де,баланың жеке ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойланады, эмоциялық әсері өрістейді, белсенділігі артады, ерік қасиеті, қиял-елестері дамиды, мұның бәрі баланың творчестволық талантын кеңейтеді.
Осы жылдық міндеттемелерді жүзеге асыру үшін, барлық педагогикалық іскерліктеріңіз бен шеберліктеріңізді көрсетесіздер деп ойлаймын. Жаңа оқу жылында жаңаша табыстарға жетулеріңізге тілектеспін.Келесі сөз кезегін балабақша медбикесі Ғ.И.Ибраимоваға беремін.
Балабақша медбикесі Ғ.И.Ибраимова:
Биылғы жазғы сауықтыру-шынықтыру шаралары ойдағыдай өтті. Жоспарланған жоспар бойынша балаларға жеміс-жидектер, шырындар берілсе, таза ауада көп уақыттарын өткізіп, ауру-сытқаттан аман болды. Күннің ыстығында балалар бас киімі т.б. қадағалап отырдым. Барлық іс-шаралар методикалық талапқа сай өтті деп ойлаймын.
Келесі сөз кезегін балабақша меңгерушісі алып, барлық топтар жаңа оқу жылына 100%-ға дайын болуын, барлық оқу қызметінің күнтізбелік жоспары, технологиялық карталары, циклограмма, әдістемелік құралдары, оқу қызметтеріне қажетті көрнекі құралдар А-3 форматта балаларға оның тартымды қанық түсте болуын ескертті және оқу қызметіне қажетті құрал-жабдықтар, кезекшілік бұрыштары (табиғат бұрышындағы еңбек құралдары, асханадағы кезекшілік т.б.) төсек, сүлгі, шкаф т.б. маркировкалары сақадай сай болуын қадап айтты. Ата-аналарға арналған стендтарды ретке келтіру, балалардың бейімделу кезеңінде ата-аналармен дұрйс қарым-қатынас жасауды айтып өтті.Әр топ тәрбиешілеріне концелярлық құралдар мен балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты ойыншықтар үлестірілді.
Төртінші мәселе бойынша барлық педагогтармен ақылдаса келе аттестация комиссиясының мүшелерімен таныстырды.
Аттестаттау комиссиясының төрайымы: Т.О.Сабырова
Төрайым орынбасары: З.Б.Тұрлығазиева
Хатшы: Э.У.Жунжуманова
Аттестаттау комиссиясының мүшелері:Қ.Е.Сүйіндік, К.Ж.Акеева болып тағайындалды.
Бесінші мәселе бойынша әр топ тәрбиешілері оқу қызметінің көрнекі құралдар мен үлестірмелі материалдарын, үлгілерін көрсетіп, таныстырып шыкты.
Алтыншы мәселе бойынша барлық тәрбиешілердің портфолиоларын ретке келтіріп, толықтыру керектігі айтылды және жаңа келген тәрбиешілерге портфолио бастап, толықтыруларын ескертті.




Педагогикалық кеңестің шешімі:
1. Оқу – тәрбие жұмыстары жаңа стандарт талаптарына сай әзірленсін және методикалық талапқа сай жүргізілсін.

Мерзімі – үнемі, күнделікті
Жауапты – тәрбиешілер, әдіскерлер

2. Жылдық міндеттеме мақсатына жету жолында әр тәрбиеші өз іскерліктерімен, шеберліктерімен методикалық талапқа сай әрекет етсін және бала өмірінің қауіпсіздігін сақтасын.
Мерзімі – үнемі
Жауапты – тәрбиешілер, әдіскерлер.






Балабақша меңгерушісі Т.О.Сабырова
Хатшы З.Б.Турлыгазиева

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Hanna
2 сентября 2022 17:11
This is a topic that is near to my heart... Many thanks!
Exactly where are your contact details though?

Here is my blog - casino slots online for real
money
Magnolia
2 сентября 2022 19:02
Great delivery. Great arguments. Keep up the great effort.


Take a look at my webpage; casinoenlignefiable.pro
Gabriele
2 сентября 2022 21:55
Because the admin of this web site is working, no
hesitation very shortly it will be famous, due to its quality contents.


Check out my webpage - casino slots online real
money
Kent
11 сентября 2022 18:54
Thank you for some other great post. The place else may just anybody get that kind of information in such a perfect way of writing?
I've a presentation subsequent week, and I'm on the look for such
information.

Also visit my web blog :: bitcoin betting sites
Junior
11 сентября 2022 19:51
Good post. I learn something totally new and challenging on websites I stumbleupon everyday.
It's always helpful to read through content from other authors and use something from their
websites.

Also visit my blog post: Irwin
Reda
13 сентября 2022 05:12
Thanks for one's marvelous posting! I actually enjoyed reading it, you might be a great author.

I will be sure to bookmark your blog and will come back in the foreseeable future.
I want to encourage you to definitely continue your great posts, have a nice morning!



Feel free to visit my page online casino usa real
money
Назад 1 2 Вперед