Балалардың қабілетін анықтау жолдары » ГККП "Ясли сад №170"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№170 бөбекжай-балабақша»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Меңгеруші:
+7(727) 298-92-48
Әдіскер:
+7(727) 298-96-32
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Балалардың қабілетін анықтау жолдары
29
сентябрь
2023

Балалардың қабілетін анықтау жолдары

Балалардың шығармашылық қиялы мен қабілеттерін дамыту, олардың практикалық дағдыларды иемденуі сәбилік кезеңнен басталады. Тәрбиешінің бұл бағыттағы жұмысының ғылыми негізде құрылуының және талапты бірте бірте, жүйелі күрделендіру, әр түрлі жастағы балалардың білімі мен іскерлігін саралап қарау принципін сақтап, өнердің әр түрлі қазіргі кездегі даму деңгейін ескеретін белгілі бір бағдарлама бойынша жүргізілуінің маңызы зор.
 Психологтар мен педагогтардың бірлесіп атқарған зерттеулері соңғы жылдары балалардың ақыл ‑ ой және эстетикалық іс ‑ әрекеттерінің, адамгершілік ерік қасиеттерінің деңгейі неғұрлым жоғарланғанын көрсетті. Бұл сәби кезден – ақ байқала бастады. Сондықтан балабақшаның баланың адамгершілік әлпетін қалыптастырудағы ролі мен мәні артып келеді. Баланың ақыл – ой ерекшеліктері жаратылыстан шығармашылық, ізденгіштік сипаттарға ие, алайда оны дұрыс бағытта даму жағдайлары әрқилы, сондықтан баланың ақыл – ой қабілетін дамыту, оның нақты дара ерекшеліктерін ескеріп тәрбиелеуге байланысты балалардың толыққанды ақыл – ой тәрбиесін сенсорлық процестерді қалыптастырудан бастау қажет. Ойлау әрекетін дамыту сөйлеусіз мүмкін емес. Бала тілді меңгере отырып заттар, олардың қасиеттері, белгілері туралы білімдерін игере бастайды. Нақты бағдарлама мазмұнына  сай балалар қарапайым математикалық ұғымдарды меңгеру негізінде санау, салыстыру, заттардың ұзындығын, енін, биіктігін өлшеу, жиын, сан, есептеу ұғымдарын да дидактикалық және танымдық ойындар арқылы үйренеді. 
   Мектепке дейінгі балаларға арналған көркем шығармалар баланы шынайы болмысты нақты әрекетімен таныстыра отырып, оны көркемдеп, баяндап баланың сөздік қорын молайтып, тілін байытады. Мектеп жасына дейінгі өнімді шығармашылық қызметін ұйымдастыруда, бейнелеу өнерінің сабақтары барлық жас топтарында өткізіледі. balalardy-abletn-anytau-zholdary.doc [32 Kb] (cкачиваний: 10)
Посмотреть онлайн файл: balalardy-abletn-anytau-zholdary.doc balalardy-abletn-anytau-zholdary.doc [32 Kb] (cкачиваний: 10)
Посмотреть онлайн файл: balalardy-abletn-anytau-zholdary.doc
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив