28
ноябрь
2025
«АДАЛ АЗАМАТ» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясындағы Квест-ойын Тақырыбы: «Адалдықтың кілті»
Квест «Адалдықтың кілті»
Адалдық, сенім, жауапкершілік құндылықтарын насихаттау мақсатында тәрбиеленушілерге арналған танымдық квест өткізілді. Балалар бірнеше станциядан өтіп, адалдық туралы жұмбақтарды шешіп, жағдаяттарды талқылап, «Адалдық кілтін» тапты. Квест балалардың логикалық ойлауын, коммуникативтік дағдыларын дамыта түсті.
Квест: «Адалдықтың кілті»
Мақсаты: Балаларға адалдық, шыншылдық, дұрыс таңдау жасау, бір-біріне көмектесу сияқты құндылықтарды ойын арқылы үйрету.

