Ата-анаға кеңес «Тазалық денсулықтың кепілі»
Ата-анаға кеңес «Тазалық денсулықтың кепілі»
Бала – ата-ананың өміріндегі ең қымбат аманат. Оның дені сау, тәрбиелі және бақытты болып өсуі ең алдымен отбасындағы қамқорлық пен дұрыс тәрбиеге байланысты.
1. Балаға күн тәртібін қалыптастырыңыз
Бала белгілі бір уақытта ұйықтап, оянып, тамақтанып үйренсе, ағзасы дұрыс дамиды. Тұрақты күн тәртібі баланы тәртіпке, жинақылыққа үйретеді.
2. Тазалыққа баулыңыз
Баланың жеке бас гигиенасына көңіл бөліңіз. Қол жуу, тіс тазалау, таза киім кию сияқты әдеттерді күнделікті дағдыға айналдыру қажет. «Тазалық – денсаулықтың кепілі» екенін балаға қарапайым тілмен түсіндіріңіз.
3. Дұрыс тамақтануына мән беріңіз
Баланың ас мәзірі құнарлы әрі әртүрлі болуы керек. Көкөніс, жеміс-жидек, сүт өнімдерін жиі пайдалану – баланың иммунитетін күшейтеді.
4. Қозғалыс пен серуенді ұмытпаңыз
Күн сайын таза ауада серуендеу мен қимылды ойындар баланың денсаулығына өте пайдалы. Бұл оның бойын сергітіп, көңіл күйін жақсартады.
5. Балаңызбен көбірек сөйлесіңіз
Баланың ойы мен сезімін тыңдай білу – ата-ананың басты міндеті. Мейірім мен жылы сөз баланың өзіне деген сенімін арттырады.
Қорытынды:
Бала тәрбиесі – үлкен жауапкершілік. Сабырлылық, сүйіспеншілік және дұрыс үлгі көрсету арқылы ата-ана баланың жарқын болашағына берік негіз қалайды.
Кеңес беруші: №170 б/б медбикесі:Ахметова Г.К.