«Адалдық дүкені» акциясы «Заң және тәртіп» идеологиясы аясында
«Адалдық дүкені» акциясы
«Заң және тәртіп» идеологиясы аясында
Мақсаты:
Мектепалды жастағы балалардың адалдық, әділдік және өз іс-әрекеттеріне жауапкершілік туралы бастапқы түсініктерін қалыптастыру.
Өткізілген топ: Мектепалды даярлық тобы «Ромашка»
Тәрбиеші: Аршитдинова Т.М.
Қысқаша мазмұны:
«Адалдық дүкені» акциясы барысында балалар сатушысыз ұйымдастырылған дүкен арқылы адалдық қағидаларын тәжірибе жүзінде меңгерді. Дүкенде тауарлар бағасымен бірге қойылып, балалар өздеріне қажетті затты таңдап алып, тиісті ақшасын арнайы жәшікке салды.
Іс-шара барысында «адалдық», «заң», «тәртіп», «жауапкершілік» ұғымдары түсіндіріліп, жағдаяттық ойындар мен әңгімелесу жүргізілді. Балалар өз әрекеттеріне жауап беру, ережені сақтау және әділ болудың маңызын түсінді.
Акцияның нәтижесінде тәрбиеленушілер арасында сенім, тәртіп сақтау және адал мінез-құлық дағдылары нығайтылды.